- Негізгі бет
- Аспаздық
- Массагеттен мәзір: "Фунчоза"...
Массагеттен мәзір: "Фунчоза" салаты
Біздің отбасында тәтті және майонез қосылған салаттар мүлде желінбейді. Сондықтан әрбір мерекеде, қонақ шақырған кезде дәмі ащылау келетін "Фунчоза" салатын жасау дәстүрге айналып кетті. Салатты ыстықтай жеуге болатындықтан, түскі асқа да ұсынылады. "Фунчоза" салатын жасап көргісі келетіндерге өзім білетін мәзірді ұсынамын.
Құрамы:
|
Көкөністерді әбден тазартып, жақсылап жуамыз. |
Олардың барлығын ұзын әрі жіңішке етіп турап шығамыз. Сәбіз үшін үккіш пайдалануға болады. |
Алдымен пиязды, кейін қызанақты, етті жақсылап қуырамыз. |
Оған фунчозаға арналған дәмдеуішті, бұрышты, лавр жапырағын саламыз. |
Болгар бұрышы мен сәбіз езіліп кетпес үшін ең соңында саламыз да, араластырмастан бетін жауып, отты жай басамыз. |
15-20 минуттан кейін аскөк пен ақжелкенді салып, 5 минуттан соң, отты өшіреміз. |
Шұңғыл ыдысқа фунчоза вермешелін салып, қайнап тұрған суды қоямыз да, 10-15 минут бұқтырып қоямыз. |
Дайын болғаннан кейін, фунчозаны 1-2 рет мұздай суға салып, сүзіп аламыз да, құрғақ ыдысқа саламыз. |
Оның бетіне дәмқосарды салып, жақсылап араластырып шығамыз, тағы да аздап аскөк салуға болады. |
Фунчоза дайын. Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева